Заманауи жаңа ғимарат

Текелі қаласының 70 жылдық мерейтойында жастарға тарту болатын жаңа нысан Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы негізінен аяқталып, айналасын абаттандыру, қасбеті мен ішкі әрлеу жұмыстарына нүкте қою қалды.
Заманауи жаңа ғимарат

Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы былтыр тамызда басталды. Тапсырыс беруші – Алматы облысының құрылыс басқармасы. Бас мердігер – «Дәулет-Серпін 603» жауапкершілігі шектеулігі серіктестігі. Авторлық бақылауды «Компания «Стройтекс» ЖШС, техникалық бақылауды «АДС Сапа» ЖШС жүзеге асырып отыр.

Екі қабатты ғимараттың жертөлесі де жастарға қызмет көрсетеді. Онда гардероб, жаттығу залы, киім ауыстыру, жуыну бөлмелері орналасқан. Жаттығу залы қажетті құрал, құрылғылармен жабдықталған. Бірінші қабатында ресепшн, офистер, конференция залы, компьютер курсын өткізетін кабинет бар. Ал екінші қабат жастардың қолайлы, жайлы демалысына арналған. Мұнда интернет клубы, коворкинг орталығы, шахмат клубы және бар жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың екінші қабатқа шығуы үшін арнайы көтергіш құрылғысы орнатылған. Маңайы абаттандырылып, іші-сырты түгелдей әрленіп, барлық, жиһаз, техника, құралдармен жабдықталып ұсынылатын жаңа ғимарат жастардың ғана емес, қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналмақ

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.