Комиссия отырысы өтті

3 шілдеде Текелі қаласының әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, әр салада жемқорлықтың тәуекелдерін жою, таза, әділ жұмыс істеу бойынша баяндамалар тыңдалды, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Комиссия отырысы өтті

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің Текелі қалалық бөлімі, қалалық прокуратура, әкім аппараты, мемлекеттік мекеме өкілдері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері қатысқан жиында аталған комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес бірінші және екінші тоқсан қорытындылары сараланды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру бойынша тұрғын үй комиссиясы жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету ша-ралары туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық офисінің Текелі қаласындағы жұмысы жайлы ішкі саясат бөлімі және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар хақында қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, экономика және қаржы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары таратып айтты. Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау турасында «Текелі Су құбыры» ШЖҚ МКК, Мәдениет үйі, тұрғын үй пайдалану кешені, жұмыспен қамту орталығы, қалалық кітапхана басшылары есеп берді. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу, қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері тереңірек талқыланды.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.