Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болады
Ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз.
Іздеу жолағынан немесе Жылжымайтын мүлік бөліміндегі Сатып алу, сату тарауынан «ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы алу» қызметін табыңыз.
Қызметке онлайн сұрау жасаңыз.
Әрі қарай жылжымайтын мүліктің ағымдағы мекенжайы бойынша мәліметтерді толтырыңыз.
Жылжымайтын мүлік түрін таңдаңыз.
Бұдан кейін сізге мекенжайды нақтылау не болмаса мұрағаттағы мекенжайын көрсете отырып, анықтаманы алу ұсынылады.
Сұратқан анықтама онлайн түрде 15 минут ішінде жеке кабинетіңізден көре аласыз!