Е. Оспанов Жетісу облысының тұрғындарына әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңалықтарды айтып берді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ербол Оспанов Жетісу облысына жұмыс сапары барысында ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде көзделген Халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған шаралар туралы айтып берді. Сапар барысында вице-министр Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясына қатысты.
Е. Оспанов Жетісу облысының тұрғындарына әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңалықтарды айтып берді

«Мемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесі бірінші кезекте жағымсыз өмірлік жағдайлардың алдын алуға бағдарланатын болады. Бүгінгі өтініш формасынан әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдету арқылы адресаттарды айқындау және проактивті форматта көмек көрсету жүйесіне көшу жүргізілуде.
Бұл ретте азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, жұмыс берушіге де, азаматтың өзіне де жүктелетін болады. Бұл жаңа әлеуметтік келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту нәтижелі және ресми жұмыспен қамтуды ынталандыруды көздейтін болады», - деді спикер Ербол Дүйсебайұлы.
Мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің негізгі құралдарының бірі ретінде Ербол Оспанов отбасының цифрлық картасын  –  мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылатын мемлекеттік кепілдіктер бойынша дербестендірілген дерекқорын атады.
«Отбасының цифрлық картасын енгізудің мақсаты - қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Біз оны мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіледік. Сонымен қатар, ол азаматтарға ақпараттық жүйелерде бар мәліметтер негізінде анықталатын әлеуметтік мәртебе мен отбасылық әл-ауқат дәрежесіне сүйене отырып, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқығы бар екендігі туралы хабарлайтын электрондық хабарламаның бір түрі болады. Бұл ретте мемлекеттік қолдау көрсету проактивті форматта көзделген», - деді Ербол Оспанов.
Ол әлеуметтік Кодексте атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту көзделгенін атап өтті. Халыққа арналған нақты шаралар отбасылардың әл-ауқатының деңгейіне байланысты ОЦК деректері негізінде айқындалатын болады.
«Мысалы, көп балалы отбасылар әртүрлі әлеуметтік қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сондықтан балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы жүйесін сақтай отырып, олар үшін бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1,5 жылға дейін ұзарту, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жасқа дейінгі балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау сияқты қосымша мақсатты шаралар қарастырылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау», - деді Ербол Оспанов. 
Вице-министр әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің трансформациясы, оның ішінде мүгедек азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту, халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа тәсілдер туралы хабардар етті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.