Біз туралы

 

Торғын Кәрібайқызы Тұрлыбаева
«Tekelinews» желілік басылымының бас редакторы. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған, журналистика магистрі. Жалпы еңбек өтілі – 17 жыл. Облыстық және республикалық деңгейдегі жыр мүшәйраларының жүлдегері. Алматы облысы және қала әкімдерінің Алғыс хатымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

Татьяна Николаевна Мельник
«Tekelinews» желілік басылымының орыс бөлімінің редакторы. Жалпы еңбек өтілі 18 жыл, білімі жоғары. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, Алматы облысы және Текелі қаласы әкімдерінің грамотасымен марапатталған.

Ақан Ырымжанұлы
«Tekelinews» желілік басылымының тілшісі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың алғысымен, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың Құрмет грамотасымен, облыстық ішкі істер департаментінің,облыс әкімі орынбасары, Текелі қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Басылымда 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді.

 

 

Татьяна Васильевна Козловских
«Tekelinews» желілік басылымының тілшісі. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде білім алған. 2000-2007 жылдар аралығында Іле ауданы мен Текелі қаласының мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды. Іле ауданы және Текелі қаласы әкімдерінің Құрмет грамотасымен, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының,  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталған. Басылымда 2011 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

 

Нұржан Махаббатқызы
Желілік басылым тілшісі. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін филолог мамандығы бойынша  тәмамдаған. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық «Қалба тынысы» газетінде жұмыс жасаған. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталған.