Жекетектік қор жинақталуда

0
68

  Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Архив 2025» бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген «Архивтер сөйлейді», «Тарихи тұлғалар» және «Архив шежіресі» жобасын іске асыру мақсатында Алматы облысының мемлекеттік архиві қалалық филиалы зиялы
қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.  

«Өмірдегі адал жол» атты кездесуге қала әкімі Бахтияр Өнербаев, қалалық соттың төрағасы Бахытжан Секербеков, Кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов, Талдықорған мемлекеттік архивінің директоры Гүлжихан Истамбекова қатысты.

ҚР Мәдениет қайраткері, журналист-жазушы Сәбит Биболов, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, Текелі қаласының Құрметті азаматы Мэлс Керейбаев, сондай-ақ, сатирик ақын Қыдыр Байдүйсенов, қазақ тілі мен әдебиетінің жанашыры Қуат Құдайбергенов кездесудің құрметті қонағы болды.

Алдымен сөз алған архив филиалының директоры Бағила Нүсіпова көпшілік назарын кеше мен бүгіннің, еңбек пен жетістіктің, басып өткен жолдың маңызды мәліметтерін ертеңге хаттап жеткізуде басты рөл атқаратын архив қызметінінің күрделі қатпарларына аударды. Шынайылықты, ақиқатты басшылыққа ала отырып, материалдарды жинақтау, жүйелендіру, сақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен кеңінен таныстырды. Әсіресе, біраз жылдан бері жоспарлы түрде жүргізіліп келе жатқан жеке тектік қорға құжаттарды жинау ісіне баса назар аударды. Яғни,  қоғамдық өмірдің әр саласында еңбегімен ерекшеленген белгілі тұлғалардың құжаттарын жинау. Атап айтқанда, еңбектері, жеке құжаттары, мысалы, отбасылық суреттері, қол-жазбалары, жетістіктері, марапаттары, т.б. Қазір жекетектік қорда марқұм Әбіжан Омарқұловтың, сондай-ақ, Қ.Байдүйсенов, С.Биболов, М.Керейбаев қатарлы ақын-жазушылар-дың еңбектері мен жекебас құжаттарының біразы жинақталған. Оны ары қарай толықтыру ісі жалғасуда. Архив филиалының басшысы, сонымен бірге, материалдық-техникалық базаны жаңғырту қажеттілігін алға тартып, бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. Кездесуге қатысқан лауазымды тұлғалар да, заиялы қауым өкілдері де бұл мәселенің өзектілігіне баса маңыз берді.

С.Биболов әр сала бойынша қала дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін насихаттау арқылы аға буын мен жаңа буын арасындағы сабақтастықты нығайту бойынша көкейде жүрген салмақты ойларын айтты.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз