Қызмет сапасы сараланады

0
63

Қала тұрғындарының назарына!!!

• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің ұсынысына сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Tabiya-consult» ЖШС-мен облысымыздың қалаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу басталды.

• Қоғамдық мониторинг жүргізу тәртібі келесі әдістерді: «Құпия сатып алушы», сарапшылардан сұрақ-жауап алу және азаматтардан сауалнамалық сұрау, фокус-группа және терең интервью жұмыстарын қамтиды.

• Облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуші барлық мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен көрсетілетін 65 мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігіне қатысты 4 000 қызмет алушыны қамти отырып талдау жүргізіледі.

• Осы аталған іс-шараның жүргізілуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының жоғарылауына өз әсерін тигізетіні сөзсіз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Талап Шаухаров

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз