Тілім-тірегім

0
54

  Тілдерді қолдану мен  дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қалалық №3 балабақшасында «Тілім-тірегім» атты шара ұйымдастырылды.

Ана тіліміз қазақ тілі халқымыздың өткенін бүгімен және болашақпен байланыстыратын алтын арқау екенін, көркем де бай ана тіліміз арқылы ғана ата-бабаларымыздың бізге қалдырған ұлттық құндылықтарын бойымызға сіңіріп, тарихтан өз орнымызды алатындығымызды жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шарада балаларға ұлттық салт дәстүрлеріміз жайында мағлұматтар берілді. Ұлттық ойындар ойнатылды. Мақал-мәтелдер айтып, оның мағынасы түсіндірілді. Яғни, қазақ халқына тән барлық ұлттық құндылықтар тек ана тіліміз арқылы ғана жүрегімізге құйылып, бойымызға сіңетіні түсіндірілді.

Сабина Мадреимова, №3 балабақшаның қазақ тілі пәні мұғалімі

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз