Тазалықты өзіңнен баста!  

0
63

  Еске сала кетсек, қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлының төрағалығымен өткен штаб жиынында күзгі сантирлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру айлығы аясындағы сенбіліктерді жоспарлы әрі нәтижелі өткізу бойынша  қалалық тұрғын үй-коммуналдық инспекциясы бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшыларына, сондай-ақ, учаскелік инспекторларға нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар, мекемелер, шағын және орта бизнес нысандарының қызметкерлері,  сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үйлер мен жеке сектордың тұрғындары сенбіліктерге белсенді қатысуы тиіс. Қыс басталғанға дейін белгіленген аумақты ретке келтіру, қоқыстарды жинау, қураған бұтақтарды кесу, арықтарды тазарту қажет. Жұмыстардың барысын және сапалы жүргізілуін аталған мекемелердің жауапты қызметкерлері қадағалайды. Орта тазалығы бойынша ережелерді бұзғандарға ескерту жасалады, қайталанған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.

Тұрғындарымыз өз қаламыздың тазалығына азаматтық жауапкершілікпен атсалысуымыз, ең алдымен үйіміздің, еңбек ететін мекеме, кәсіпорнымыздың ішкі және сыртқы тазалығына мән беруіміз, заң бұзу-шылықтарға немқұрайлы қарамай, көп болып алдын алуымыз керек.

***

Күзгі санитарлық тазалық айлығы аясында өткен жалпықалалық сенбілікте мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері Қора өзенінің бойындағы бұлақ басын тазалады.  

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз