Спорттық нысан ашылды

0
79

  Жақында Орталық саябақта тағы бір жаңа нысанның тұсауы кесілді. Аумағы 500 ш.м. болатын спорттық нысан үстел теннисі, сондай-ақ, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ секілді ойындарға лайықталған.

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Бахтияр Өнербаев жеке кәсіпкер-лердің бұқаралық спортты дамытуға белсенді атсалысып отырғанын ерекше атап, спорт алаңының алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтардың, әсіресе, жас буынның сүйікті орнына айналарына сенім білдірді.

Орталық саябақтан ашылған бұл нысанға қала тұрғындары да дән ризашылықтарын жеткізді. Себебі, бүгінде жас буынды салауатты өмір салтына көбірек тарту үшін оларды қызықтыра білу керек. Кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов жеке кәсіпкер Гүлмира Молдабекованың Палатаның қалалық филиалынан бизнес курсын оқып, бизнес жобасын сәтті қорғағанын, 2015 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қаржыландыру қоры арқылы 6 пайызбен 2 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алғанын, бұл кәсіпкердің жобасын іске асыруына демеу болғанын жеткізді. Кәсіпкер Г.Молдабекова нысанның жан-жағы ашық болғандықтан, күннің салқын кезінде кешенді ролик алаңына айналдыру ойы бар екенін айтты.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз