Өмір жаршысы – кітап

0
64

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Текелі қалалық №4 орта мектебінде өткен «Өмір жаршысы – кітап» атты әдеби шараға қаладағы орта мектептердің кітапханашылары, қалалық кітапхананың «Достық» шағынауданындағы бөлімшесінің қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

Мектеп кітапханасындағы кітаптар бойынша мағлұмат беру, оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, кітапты ұстаз тұтуға баулу мақсатындағы шарада мектеп кітапханасындағы кітаптар – «Менің Отаным», «Қазақ әдебиетінің тұлғалары» және «Балаларға базарлық» тақырыптары бойынша топтастырылып, жеке-жеке таныстырылды. Мысалы, арнайы дайындалған оқушылар «Қазақ әдебиетінің тұлғалары» тақырыбында келесі жылы 175 жылдығы тойланатын ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдері, поэмалары, аудармалары, қара сөздері басылған кітаптарға, сонымен бірге, ұлт руханиятының бәйтеректері Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің биыл 125 жылдығы екенін еске салып, үш арыстың кітаптарына да жеке-жеке шолу жасады. Көзі тірі болғанда биыл 95 жасқа толатын қазақ балалар әдебиетінің майталманы Бердібек Соқпақпаев еңбектері жайында да тұшымды деректер берді. Шараны ұйымдастырған мектеп кітапханашысы Жазира Мамырбекова балалар мектеп кітапханасындағы кітаптарды оқи жүріп, кітап оқуға қызығушылығы оянатынын, сондықтан, мектеп кітапханашылары қордағы кітаптар жайында толық мағлұматқа ие болуы әрі балаларды кітапқа қызықтыра білуі керектігін алға тартты. Шара барысында оқушылар ән айтып, би биледі.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз