Мемлекеттік көмек 

0
59

Баршаға белгілі, атаулы әлеуметтік көмектің негізгі міндеті – мұқтаж отбасыларға өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмектесу, қажетті мамандықтарға оқыту арқылы табыс деңгейін арттыру, жұмысқа орналасуға немесе өз ісін ашуға жәрдемдесу екені белгілі.

Бүгінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен  халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды тыңғылықты жүргізуде. Нақты мәлімет-терге сүйенсек, биылдың 9 айында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 791 отбасы (3927 отбасы мүшесі) өтініш білдіріп, жан басына шаққандағы орташа табыстың белгілеген шектен асып кетуіне және комиссияның ортақ  шешімі бойынша 65 отбасына (257 отбасы мүшелеріне) көмек тағайындаудан бас тартылған. 726 отбасына (3670 отбасы мүшелеріне) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 9 айда төленген көмек сомасы 291715,0 мың теңгені құрады.

20 адам кәсіптік оқуға қатысып, сертификат иеленді. Оларың 8-і мемлекеттік гранттарды ұтып алып, отбасылық бизнеспен айналысуда. Көпбалалы, аз қамтылған тағы 6 отбасы бизнес жобаларын сәтті қорғап, 500 мың теңге көлеміндегі гранттарды иеленуге мүмкіндік алды.

Жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 3 санат бойынша әлеуметтік көмек көрсетілуде. Яғни, 198 адамға әлеуметтік қызметкерлер үйде көмек көрсетеді. 30 адам күндізгі уақытта «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, спорттық жаттығуларға қатысып, тегін тамақтанып, ем-дом алады. Асыраушысынан айырылған жандар аталған орталыққа тұрақты тұруға жіберіледі.

Айта кетерлігі, мемлекеттің мұқтаж жандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағыттаған осынау ізгі көмегін пайдаланып қалғысы келетін пысықайлар да жоқ емес екен. Олар дәйексіз мәліметтерді қолдан жасап, жетім мен жесірді, қорғансызды қолдауға берілген мемлекеттік жәрдемақыларды ұялмай-ақ алып келген. Қазір құзырлы органдар осындай заң-сыздықтарды анықтап, сотқа жіберуде.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз