Ер мен әйелдің тең құқықтары қақында

0
54

Қоғамдық талқылаулардан түспейтін өзекті мәселелердің бірі бүгінде ер мен әйелдің теңдігі. Гендерлік теңдікті жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі ер мен әйелдің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін, әйелдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени өмір салаларына қатысуға нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Елбасы Қазақстан әйелдерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесулерінде тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне нәзік жандылардың қосқан үлесінің зор екендігін үнемі айтып келеді.

Қиын кезеңдері ала дорбаны арқалап қиындықты жеңе білген әйелдер қазіргі кезде билікте болсын, бизнесте болсын, қоғамның әр саласында отбасы мен жұмысын қатар алып, ерлермен теңдей еңбек етіп жүр. Бүгінгі таңда әйелдердің қоғамдық мәселелерді шешуге белсене араласып, өз құқықтарын қорғауға мүмкіндіктері мол. Өйткені мемлекет және қоғам өмірінің барлық салаларында ерлердің және әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, халық арасында ерлер мен әйелдердің тең құқықты мәдениетін тәрбиелеуге және насихаттауға, өмірдің барлық саласындағы жыныстар теңдігін қамтамасыз ету үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениетінің деңгейін көтеру заңмен қарастырылған.

Әйтсе де, таразының екі ұшы бар демекші, отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырап немесе қоғамдық өмірде құқығы жиі бұзылатын жайттарды да жоққа шығаруға болмайды. Күнделікті тіршілік барысында зорлық-зомбылыққа ұшырайтындардың басым бөлігі әйелдер дейді кейбір сараптау орталықтары. Декреттік демалысқа щыққан әйелдердің құқығының бұзылуы, жұмыстан заңсыз шығарылуы сияқты әделетсіздіктердің басым көпшілігі де әйелдерге қатысты екені жасырын емес. Осындай келеңсіздіктерге қарсы жұмыс істейтін дағдарыс орталықтары, үкіметтік емес ұйымдары саны артып келеді.

Еліміздегі гендерлік стратегияны жүзеге асыруда азаматтық қоғам өкілі ретіндегі үкіметтік емес ұйымдардың маңызы зор. Отбасы және балалар ісімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың қазіргі уақыттағы ең маңызды мәселелері ана мен баланы қорғау, олардың өз денсаулықтарына жауапкершіліктерін арттыру болып табылады. Өйткені әйел мүддесі қорғалмай қоғамның әлеуметтік-экономикалық немесе демографиялық жағдайының дамуын елестету мүмкін емес.

Қазақта «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бар. Олай болса, еліміздің болашағы жарқын болуы үшін әйел мүддесіне саналы қараған жөн.

Е.Дюсембаев,  Текелі қалалық сотының судьясы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз