«Ең үздік БПҰ – 2019» байқауы

0
79

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Ең үздік бастауыш партия ұйымы-2019» байқауы өтті.

Бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру, халықпен етене қарым-қатынасын, іскерлік мәдениетін қалыптастыру мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға қатысқан БПҰ жұмыстары 7 шарт бойынша 2 деңгейде бағаланды: біріншісі – партия мүшелерінің саны 100-ден 500-ге дейін, екіншісі – саны 500-ден астам.

Байқау қорытындысы бойынша партия жұмыстарын атқаруда белсенділік танытып, жоғары жауапкершілікпен келген «ШАПАҒАТ» бастауыш партия ұйымы төрайымы Құндызай Бейсенова комиссия мүшелерінің шешімімен бірінші санат бойынша 1-орынның жеңімпазы болса, 2- орынды «Бірлік» БПҰ-ның төрайымы Елена Целищева иеленді.  Екінші санат бойынша 1-орынды «Жетісу» БПҰ төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Арман Қожабек  еншілесе, 2-орынды жас болса да «Барс» БПҰ төрағасының орынбасары Жамиля Кадыкенова қанжығаға байлады. Жүлделі 3-орынды «Болашақ» БПҰ-ның төрайымы Ақтолқын Искакова иеленді.

Сондай-ақ, байқауға белсенділік танытып, партия жұмысының жандануына үлес қосып жүрген басқа да БПҰ-ның төрағалары қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарының атынан алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз