Әдеп бар жерде сенім бар!

0
51

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғаны белгілі.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» бағдарламасында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметшілер қызмет кезінде және одан тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі, яғни өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын теріс сынға себепкер болмауға тиіс екендігін айтып өткен жөн.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бірден-бір функциясы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болғандықтан, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны бойынша әкімшілік деректер банкіне жүйелі түрде мониторинг жүргізілуде.

Өкінішке орай, Департаментпен 2018-2019 жылдарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғандары анықталды. Соттың шешімімен әкімшілік жаза ретінде 8 мемлекеттік қызметші көлік құралын басқару құқығынан айырылған, ал 1 мемлекеттік қызметші әкімшілік қамаққа алынған. Атап айтсақ олар: Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бас маманы, Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Алматы облысының білім басқармасының орта білім, оқытудың жаңа технологиясы мен инновация бөлімінің бас маманы, Талғар ауданының Қайнар ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Көксу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, Ақсу ауданының әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімшесінің басшысы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы, Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бас маманы.

Бұдан бөлек, ұсақ бұзақылық жасағаны, алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені, сонымен қатар түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 7 мемлекеттік қызметшіге айыппұл ретінде әкімшілік жаза қолданылған. Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданының Жаңашар ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қарасай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы, Балқаш ауданының Беркен ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Ақсу ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік астық инспекция бөлімінің басшысы, Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас маманы.

Бүгінгі күнде салынған айыппұлдар толығымен төленгенімен, аталған тәртіптік теріс қылықтар қоғам тарапынан теріс сынға ие болып, мемлекеттік билік имиджі мен беделін төмендетуде.

 Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдарын толығы-мен төлегеннің өзінде тәртіптік жауапкер-шіліктен босатпайтынын ескерген жөн.

Департамент тарапынан мемлекеттік мекеме басшыларына жолданған ұсыныс хаттың негізінде Әдеп кодексінің талаптарын бұзған мемлекеттік қызметшілерге тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.

Б. Азикенов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз