Баба аманаты – ұрпаққа борыш

0
88

   Қалалық кітапхананың балалармен жұмыс істейтін №1 филиалында әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпық бидің 325 жылдығына арналған «Бабалар аманаты – ұрпақ борышы» атты тарихи шолу өткізілді.

Шолу барысында кітапханашы Г.Акшолакова Балпық бидің батагөй, ділмар шешен ғана емес, көзі тірісінде әулие саналғанын, ел басшысы – көсем болғанынына назар аударды. Ел арасында оның есімі, өзінен екі жас үлкен Ескелді бимен аты қатар аталған болған. Ескелді би мен Балпық би әрі қол бастап, әрі әділ билік айтып, елдің ауызбірлігін сақтай білген. Балпық би 90 жас жасаған, ол кісінің ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан-теңіз. Балпықтың ұлы Тіленші де беделді би болған. Әкелі-балалы билердің еліне сіңірген қызметі туралы Ш.Уәлиханов, Құнанбай Өскенбайұлы жазған, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Сара Тастамбекқызы, т.б. ақындар жыр еткен. Шара барысында Балпық бидің шешендік сөздері оқылды, ол туралы жазған Бақтыбай ақынның, Қалқа Жапсарбайұлының, Сейдахмет Қосжанұлының, Сейітқали Елтайұлының жырлары оқылды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз