Ардагерлерге сый-құрмет көрсетілді

0
60

Қарттар күні мерекесіне орай «Швейцария» мейрамханасында дастарқан жайылып, қаламыздағы аға буын өкілдеріне сый-құрмет көрсетілді.

Қала әкімі Бахтияр Өнербаев мереке қонақтарын айтулы күнмен құттықтап: «Сіздер кешегі сұрапыл жылдардың қат-қабат қиындықтарын ерлікпен, еңбекпен еңсеріп, мемлекетіміздің қалыптасуына үлкен үлес қостыңыздар, зауыт, фабрикаларды құрдыңыздар, жолдарды, мектептерді, тұрғын үйлерді салдыңыздар, білім мен тәрбиенің өзегін өріп, бізді өркениетті өмірдің игілігіне кенелдірдіңіздер. Бізге көркем де ырысты Текелідей қаланы салып бердіңіздер. Іздеріңізді басып, жолдарыңызды жалғаған бүгінгі ұрпақ сіздермен мақтанады! Сіздер қашанда құрметке лайықсыздар!» деп, өмірі өнеге болған қарияларға денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Дастарқан басында қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері, Текелі қаласының Құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері ізгі тілектерін айтып, төріне шығарып, сый-құрмет көрсеткен елге, көңілі көлдей жомарт азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз