Жастық жігер – мықты рух

0
120

Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған  Жастар жылы аясында қала әкімі Бахтияр Өнербаев пен облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Жайық Тазабекұлының қатысуымен «Табыс пен жетістік – қажырлы еңбек нәтижесі» жас жұмысшылар форумы өтті.

Форумда аға буын өкілдері, Текелі қаласының Құрметті азаматтары – Ертай Дүйсебаев, Александр Сидехменов, Наталья Сибирякова, сонымен қатар қарт металлург «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Висита Балаев, энергетик Александр Бурковский жастарға еңбек және өмір жолы туралы ғибратты әңгіме айтып, қызықты сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ жастар арасында интеллектуалдық викторина, ұлттық ойындар жарысы, би өнері сайысы өткізілді.

Жастықта жігер, қажыр-қайрат, мықты рух мол. Әр саладан қатысқан «Жалынды жастар», «ТГПК — жас металлургтер», «Алаш», «Абзал жандар», «Шапағат жастары», «Бумеранг», «Текстар», «Молния» командалары асқан белсенділікпен жастар форумына ерекше реңк беріп, дарын мен қабілетін, тамаша таланттарын ортаға салды. Форум қатысушылары әр саладағы үздік жетістіктері үшін қала әкімінің Алғыс хаттарымен,бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз