Отбасы – алтын діңгек

0
120

Жастар жылы аясында №5 орта мектебінде қалалық Аналар кеңесінің «Отбасы – алтын діңгек» атты қалалық жас отбасылар сайысы өтті.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер» деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасы-нан азамат болып қалып-
тасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі  – мемлекет дамуы мен прогресінің өл-шемі.

Шара барысында отбасылар салт-дәстүрмен сабақтасқан сұрақтарға жауап беріп, отбасы құндылықтарын дәріптейтін көріністерді көрермен назарына ұсынды. Ата-бабадан мирас болып қалған мәдени мұраны жеткіншектердің зердесіне сіңіре білді. Аталған шараға облыстық Аналар  кеңесінің төрайымы Н.Баймадиева, қаламыздағы көпке үлгі бола білген Сүлейменовтер отбасы мен Сидехменовтар отбасы қатысты.

Сайыс 4 отбасы бақ сынасып, үздіктер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз