Халық мүддесі – басты міндет

0
100

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» Жолдауында «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы» деп атап көрсетті. Президент Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің ел игілігі үшін маңызы зор. Осы орайда, халық қажеттілігіне жаңа жүйе іске кірісті.

«Сот төрелігінің жеті түйіні» құрамына кіретін «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру аясында Текелі қалалық сотының ғимаратында фронт-офис (ақпарат орталығы) ашылды.

Салтанатты шараға облыстық соттар әкімшісінің орынбасары Е.С.Айтжанов, қала әкімі Б.Өнербаев, қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Дүйсебаев, қоғамдық, құқықтық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Текелі қалалық сот төрағасы Бақытжан Секербековтің айтуынша, фронт-офис – бұл кеңейтілген зал, яғни халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттарына сай техникалық құрылғылармен жабдықталған ақпараттық орталық. Медиаторларға, адвокаттарға және тараптардың іс-материалдарымен таныстыруға арналған жеке кабинеттер жұмыс істейді. Кеңсе «кедергісіз қағидатына» сәйкес ашық түстермен безендіріліп, мейлінше азаматтарға ыңғайлылық қарастырылған, жедел әрі толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік туғызылған. Бұл соттың ашықтығы мен қолжетімділігін практикалық қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ, келушілерге фронт-офистің негізгі үш бөлігінің сотқа өтуінің барлық кезеңі ұсынылады: ақпараттық орталық, кіріс кеңсесінің аумақтары және көп түсетін талапарыздың үлгісімен танысу.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз