СПОРТШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

0
196

Спорт күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық
спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ел беделін асқақтатар биік жетістіктер тіледі, сондай-ақ, елімізде бұқаралық спорттың кең өріс алуына маңыз берілетінін жеткізді. Атаулы күнге орай еліміздің жер-жерінде түрлі шаралар өткізіліп, спортшылар
құрметке бөленді.
Облысымызда өткен үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттауға арналған салтанатты шарада Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі маманданды-рылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Нұржан Әбейбеков Құрмет грамотасымен марапатталды.
Осы аптада «Металлург» шағынауданындағы клубта спорт ардагерлері, спортшылар мен жаттықтырушылар қатысқан мерекелік жиында қала әкімі Бахтияр Өнербаев облыстық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген талантты спортшылардың және олардың жаттықтырушыларының атын атап, ризашылығын жеткізді. Қала спортын дамыту, бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын кеңінен өріс алдыру үшін спорттық нысандардың материалдық, техникалық мүмкіндіктерін заман талабына сай дамытуға күш салынатынын жеткізді. Әсіресе, жастарды жаман әдеттерден бойды аулақ ұстап, бос уақытында спортты серік етуге шақырды. Жиында ОРМБЖМ жаттықтырушылары Рахым Керімбаев (дзюдо), Алинур Аманкулов (джиу-джитсу), Сос-ланбек Берсановқа (ауыр атлетика), кикбоксингтен жаттықтырушы Асхат Ахметжанов, балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының шыңға өрмелеу үйірмесінің жетекшісі Ангелина Николенко, армрестлинг бойынша Қазақстан чемпионатының жүлдегері Галина Шуйская, ардагерлер арасында қол күресі бойынша 2019 жылғы Азия чемпионы Рустам Жаакпеков, ауыр атлетикадан ҚР V жазғы спарта-киадасының жеңімпазы Наталья Бедрик және Айгерім Аулбек, 2019 жылғы па-уэрлифтингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Захар Буймов және каратэден екі дүркін әлем чемпионы Асемай Акранбекке алғыс хаттар табыс етті.
Облыстық дене шынық-тыру және спорт басқармасының грамоталарымен каратэ жаттықтырушысы Рафаэль Райманов, джиу-джитсу бойынша жаттықтырушы Марат Кобланов, ауыр атлетика бойынша жаттықтырушы Алексей Клиновитский, ОРМБЖМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әділет Мырзағалиев, әдіскері Гүлнәр Асылқанова, ардагерлер арасында волейболдан Алматы облысының құрама мүшесі Наталья Нестеренко марапатталды. Жиында, сондай-ақ, қалалық футбол және бокс федерациясының президенті Ертай Дүйсебаев, каратэден 2019 Әлем Кубогының күміс жүлдегері Данелия Ақатаева және Азия чемпионатының жеңімпазы Үкіліай Ахметуәлиқызы сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Іс-шара барысында Мәдениет үйінің әншілері орындауында әндер шырқалды. Мереке қонақтары каратэ, Күрес және футбол секцияларымен айналысатын балалардың өнерін тамашалады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз