МӘСЕЛЕНІ СОТҚА ЖЕТКІЗБЕЙ ШЕШУ

0
174

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы
28 қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Заң медиация-ны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді.
Медиатор дегеніміз, тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға болып табылады.
Медиаторлар екіге бөлінеді: олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар, ал, екіншісі – кәсіби емес медиаторлар.
Ең бастысы, медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады.
Медиацияның мақсаты — дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Медиатордың міндеті-екі жақты татуластырып, бірлестіру. Даулы істерді екі жақты бітімге келтіру арқылы шешу жолымен, олар соттың жүгін азайтып қана қоймай, қоғамға да пайдасын тигізеді.
Елдің заңнаманы білу, сыйлау, құрметтеу сынды құндылықтардан тұратын құқықтық мәдениеті дамыған сайын қуанып, құптау керек. Түрлі себептермен сотқа келгенде заңнама шеңберінде шығарылған шешімге, қаулыға, үкімге тараптар разы болып тарқасса, сол мәселе бойынша жоғары сатыларға арыз-шағым түсірмесе ол судьяның тынымсыз еңбегінің бір нәтижесін көрсетеді.
Е.Дюсембаев,
Текелі қалалық сотының судьясы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз