Жұмыстар жоспарға сай

0
134

  Осы аптада Алматы облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов қаламызға келіп, бірқатар нысандарды аралады.
Қала әкімі Бахтияр Өнербаев атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, аталған басқарма басшысының назарын бірқатар түйінді мәселелерге аударды.
Басқарма басшысы Қора көшесіндегі қараусыз қалған ғимаратты, «Горняцкий» шағынауданындағы тозығы жетіп, апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлерді көріп, адамдардың, әсіресе, балалардың қауіпсіздігі үшін сүрілуге жататын барлық нысандардың дер кезінде біржақтылы етілуін қадағалады. Ол сондай-ақ, бүлінген қоқыс қоршауларын жөндеу, қоқыс контейнерлерін жаңалау бойынша жұмыс жоспарларымен танысты.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғалым Қызылбаев, «Текелі су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Бақыт Сәлиев өз салалары бойынша шешуге тиісті түйінді мәселелерді көтерді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз