Құран оқып, дұға жасады

0
173

Керімбек би атындағы қалалық мешітке жиналған текелілік мұсылмандар Айт
намазын ашық аспан астында оқыды. Ақ сақалды аталар ақ бата беріп елдің берекесі, жер ырысы үшін дұға етті. Көпшілік бір-біріне «Айт қабыл болсын!» айтып, ізгі тілектер тілесті.
Мешіттің бас имамы Аман Медетбеков Құрбан айтта бір дастарқан басында бірге дәм тату, бір-бірін демеу, өзара-қолдау көрсету, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру, жаман әдеттерден тыйылу, жақсы сөз, жақсы істерге құлшыну, міне осылай жалғаса беретін адамгершілік қасиеттер береке-бірлікті нығайтып, қоғамды біріктіре түсетінін алға тартып, көп-шілікті ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан жақсы дәстүрлерді белсенділікпен жал-ғастыруға шақырды.
Айт намазынан соң мешітте спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жігіттер қол күресінен және гір тасын көтеруден өткен жарыстарға қатысып, жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды. Кешқұрым «Металлург» стадионында шағын футболдан өткен жарысқа да жастар белсене қатысты.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз