Халық мүддесі қашанда маңызды

0
180

Осы аптада облысымыздағы бірқатар қалалар мен аудандарда жиын өткізген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы Серікбай Нұрғисаев сәрсенбіде қала активімен кездесті.
Қала әкімі Бахтияр Өнербаев төрағалық еткен актив жиынына мемлекеттік және бюджеттік мекемелерінің басшылары мен мамандары, қалалық мәслихатының депутаттары, Халыққа қызмет көрсету орталығы қалалық филиалының, ауруха-наның қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері қатысты.
Алдымен сөз алған С.Нұрғисаев Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы негізінде іске асырылатын аталған агенттік жұмысының басым бағыттарын түсіндірді.
Сондай-ақ, «Бірге» жалпы-ұлттық акциясы барысында азаматтар тарапынан айтылған ұсыныстарды іске асырудың барысын баяндап, тұтас мемлекет мүддесімен бірге өріліп, қабысып жататын мемлекеттік қызметтің мінсіздігі мен қызметшілердің өз ісіне деген адалдығына, жауапкершілігіне кеңінен тоқталды, мемлекеттік қызметшінің халықпен қарым-қатынасын нығайтып, беделін көтеруге маңыз берді.
Шынымен де, мемлекеттік қызметші мемлекет атынан халық мүддесіне қызмет ететіндіктен олардың этикасына, атқаратын қызметінің сапасына халық тарапынан жоғары талаптың қойылуы заңды. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер халық берген құқық пен барлық мүмкіндіктерді мемлекетті күшейтіп, халықтың игілігін еселеу ісіне арнауы керек. Бұл, ең алдымен, әрбір мемлекеттік қызметшінің өз ісіне деген адалдығы мен жоғары кәсібилігіне, еңбек-қорлығына тікелей байланысты. Яғни, мемлекеттік қызметші болмысының өлшемі болып табылатын Арнамыс кодексі, түптеп келгенде, мемлекеттік қызметшінің этикасын қалыптастыру арқылы білім мен дарынды елдің өсіп-өркендеуіне қызмет еттіруді көздейді. Мұны әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білуі тиіс. Бұл туралы С.Нұрғисаев: «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасуына, сондай-ақ, кез келген мәселе төңірегінде жанжалды және арандатушылық жағдайдан барынша сақтану бойынша талаптар қойылды. Бұл туралы Департамент қызметкерлері облыстың барлық аудандары мен шалғай ауылды елді мекендерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Демек, бұқара-халық мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелеріне сай қызмет өлшемін біледі. Әрбір мемлекеттік қызметші соған сай болуы керек», – деп атап өтті. Сонымен қатар, Департамент басшысы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанында мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы талаптарға сай еместігі, енжарлығы мен дөрекілігі, жауапсыздығы туралы азаматтардың өтініштеріне жауап беретін орталық жұмыс істейтінін еске салды.
«Халыққа қызмет көрсету бойынша сапалы сервиске қол жеткізу маңызды. Бұл азаматтардың мемлекеттік қызмет өкілдерімен тікелей қарым-қатынасын барынша төмендетеді. Яғни, мемлекеттік қызметтердің электронды түрде жүзеге асырылуы қызмет сапасына оң әсер етеді», – деген С.Нұрғисаев, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге бүгінгі ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін еркін меңгеріп, әлеуметтік желілерде пікір алмасу арқылы халықпен қарым-қатынасты нығайту туралы кеңес берді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз