Дін мен ділді тең ұста

0
142

Қандай діннің болмасын мақсаты – бір Құдайға сену, құлшылық ету және адамдарды ізгілік пен мейірімге, жақсылыққа шақыру. Мұхаммед (с.ғ.с): «Өтірік айтатындар біздерден емес» деген. Мұсылман – Алла және оның Елшісін жанынан жақсы көріп, иман еткеннен кейін күпірлік жасаудан тиылып, ғибадатын Алла ризалығы үшін ықыласпен орындайтын адам. Ол тілімен де, қолымен де басқаларға зиян келтірмейді, қиянат жасамайды. Бүгінгі таңда әлемдік мәселе болып отырған діни экстремизм мен терроризм елімізді де айналып өткен жоқ. Ұлттық болмысымызға жат тас бүркеніп, қарадан нихаб, паранжа киген қыздарымызды, шалбарының балағын шолтитып, талғамсыз сақал қойған ерлерімізді көріп жүрміз. Талай қаракөз шекара асып, соғысқа кетіп жатыр дегенді құлақ естіп, көз көрді. Осы ретте Текелі қаласы бойынша дін істері инспекторы Мағжан Мұхаметпен сұхбаттасқан едік.
– Қазіргі таңда әлемдік діндердің атын жамылған теріс ағымдардың құрығына ілігіп, адасып жүргендер аз емес. Адамның теріс ағымға түскенін қалай байқауға болады? Қарапайым адамдардан оның қандай айырма-шылығы бар?
– Діни ағымдарға өтіп кеткендердің негізгі айырмашылығы, біз қоғамдық ортада кез келген адамның діни ерекшеліктеріне толерантты қөзқараспен өмір сүрсек, теріс ағымда-ғылар жеке, оқшау жүргенді және өздерінің көзқарастарын қолдап жақтайтындармен ғана араласқанды дұрыс көреді. Олар өздерін таза мұсылманбыз деп санағандықтан, намаз оқымайтындарды «кәпір» дейді. Сол үшін тіпті туған ата-анасымен де ағайын-туыспен де қарым-қатынасты үзеді. Бұл азаматтардың адамдармен араласпай, оқшау жүруінің себебі, жүрегіне басқаша күмән салады, сеніміне селтең түсіреді деген ойдан. Сол үшін мешіт имамдарымен де тілдесуге ынталары болмайды.
– Осындай санасы уланған адамдарға көмектесу мүмкін бе?
– «Аурып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дейді халқымыз.
Сондықтан да діни ағымдарға өтіп кетуден бұрын алдын алуға мей-лінше көңіл бөлген жөн. Ал, адасып сол ағымның жетегінде кеткендерді қайтару күрделі үдеріс. Көбіне олар өздерінің ұстанған ұстанымдарында қатып қалады. Олардың ойында «өзіміздікі ғана ақиқат» деген қағида әбден орнығып алған. Түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, үнемі сөйлесу арқылы, ақиқатында оның дұрыс жолда жүрмегенін, теріс ағымның арбауына түскенін дәлелдеген жағдайда ғана оның бетін бері қаратуға болады.
– Егер басқаларды, әсіресе, жастарды дін жолына үгіттеп жүргендерді байқаған жағдайда кімге, қандай орындарға хабарласуға болады?
– Ондай жағдайда Алматы облысы дін істер басқармасының 8-800-080-28-95 нөмерлі сенім телефонына хабарласуға болады. Желі тегін жұ-мыс істейді, кез келген қалалық нөмерден немесе ұялы телефоннан хабарласуға болады. Желі анонимді түрде жұмыс жасайды, қоңырау шалған адамның аты-жөні сұралмайды. Хабарласып сұрақтарыңызды қойсаңыз немесе іс-әрекетінде ерекшелік байқалған, үнемі түсініксіз, күдікті, көмескі ақпараттармен бөлісетін адамдарды көрген жағдайда міндетті түрде хабарласыңыз. Сізге көмек көрсетіп, бәрін түсіндіріп береді.
– Құранда әурет жерін жабық ұстау керек делінеді. Қыздың шашы әурет жерге жатады. Алайда біздің ұлттық болмысымызға хиджаб, паранжа деген жат емес пе?
– Негізі, ислам дінінде әйел адамның қолы білекке дейін, жүзі және тобықтан төмен ашық жүруіне болады да, қалған жері әуретке жатады. Біздің қазақтың менталитетіне келер болсақ, ертеден ислам дінін ұлттық болмысымен ұштастырып ұстанып келе жатырмыз. Көзіміз көріп жүр, ұлттық болмысқа сай келмейтін қара бүркеніп, бет-жүзді жабатын киімдер киінетіндер бар. Бұл араб елдерінің сырт киім үлгісі, біздің ұлттық ерекшелігімізге, дәстүрімізге мүлде қарама-қайшы. Қазақ ешқашан қара жамылмаған. Сондықтан, өзіміздің салт-дәстүрімізге сай, болмысымызға сай киінген дұрыс.
– Жастарға теріс ағымға еріп кетпес үшін қандай кеңес бересіз?
– Жастар көп жағдайда, діни сауатсыздықтан бөгде мақсаттағы ағым-дардың жетегіне еріп кетеді. Әдетте, ата-аналар отбасында дәстүрлі ислам қағидаларын, ұлттық салт-дәстүрлерімізді бала бойына сіңіріп отыруға, мешіттерге жіберіп, арнайы дайындалған ұстаздардан діни сауатын ашуға мән бергені жөн. Діни сауаты бар бала басқа ағымдар мен исламның ара жігін біледі. Діни кітапты оқимын дегеннің өзінде, кітаптың бірінші бетінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының немесе Дін істері комитетінің сараптамасынан өткен деген арнайы жазу болады. Сол кітаптарды оқыған дұрыс.
– Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Дидар ҚАЙРАТ
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің II-курс студенті

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз