Қаламызда 40 пәтерлі үй бой көтеруде

0
144

  Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға баса мән беріп: «Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді» деген болатын. Қазір еліміз бойынша халықты жайлы да сапалы баспанамен қамту ісіне басымдық беріліп отыр.
Осы бағыттағы жұмыстар қаламызда да жүйелі түрде іске асырылуда. Бұған дейін «Достық» шағынауданында 80 пәтерлі 2 үй салынып пайдалануға берілген. Биыл шілде айында сол аумақтан тағы да 40 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Республикалық бюджет есебінен қаржылан-дырылған үйдің жалпы аумағы 2384,15 шаршы метрді құрайды. Онда 1 бөлмелі – 20, 2 бөлмелі – 10 және 3 бөлмелі 10 пәтер болады.
Құрылысты міндетіне алған талдықорғандық «Шымыр» ЖШС аталған үйді келісімшартқа сай 6 ай ішінде салып бітіруді жоспарлап отыр. Қазір үйдің іргесі, жертөлесі толықтай бетонмен құйылуда.
Құрылыстың сапасын екі компания – «Жетісу сәулет-құрылысы» және «Алматықұрылысэксперт» ЖШС қадағалауда. Олар құрылысқа қажетті болат шыбықтардан бастап, құйылған цемент бетондардың, кірпіштердің, барлық құрылыс материалдарының сапасын ғылыми тұрғыда, техникалық талаптарға сай тексеруден өткізіп отырады. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытында аяқталуын бақылайды.
Бүгінде қала тұрғындарының саны үздіксіз артуда. Сондықтан, халықты баспанамен қамтудың барлық мүмкіндіктері қарастырылуда. Айта кетерлігі, тағы 40 пәтерлі 2 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Бәрі ойдағыдай болса, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз