Жоба жұмыстары күрделі

0
41

Осы аптада әкімдікте арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Еске сала кетсек, аталған пилоттық жобаны іске асыру үшін өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік көмек көрсету және тиімділікті арттыру, әлеуметтік көмектің барлық мүмкіндіктерін іске асыру бойынша сәуірде «Текелі қаласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жө-ніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» қаулы шығып, осы қаулы негізінде комиссия құрылған, сондай-ақ, комиссияның төрағасы ретінде қала әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары тағайындалған әрі комиссия мүшелерінің құрамына әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер, әділет және пробация қызметінің өкілдері енгізілген.
Комиссияның бекітуімен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің пи-лоттық жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сай жұмыстар атқарылуда. Осы негізде өткен комиссияның кезекті отырысында өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар мен отбасылар туралы бірнеше жағдай талқыланып, комиссия отырысына қатысқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі жобаның Алматы облысы бойынша үйлестірушісі Татьяна Федотова мәселелер бойынша ойын ортаға салды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз