Бересіні төлегенге рақым

0
43

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қанабек Досжанұлы Нұрғалиевпен салықтық рақымшылық мәселесі бойынша сұхбат

Бересіні төлегенге рақым

2019 жылғы 30 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентінің берген тапсырмасы бойынша жеке тұлғаларға негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізу жүктелді.

Жоғарыда берілген тапсырмаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентімен қаржы нарығын реттеу және дамыту, шағын қаржы іс-әрекеттері мен қолма-қол есеп айырысу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықты жүргізу көзделгені туралы толықтырулар енгізілген.

–  Салықтық рақымшылыққа кімдер жатқызылады?

– Салықтық рақымшылыққа 2 санаттағы азаматтар жатқызылады.

 Бірінші санатта – орындалмаған салықтық міндеті бар жеке тұлғалар (көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы, жер салығы, жеке табыс салығы) 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін салықтық міндеті бойынша  салықтық кезеңге  негізгі борышын өтеген жағдайда, олардың өсімпұлы есептен шығарылады.

Екінші санатта – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар, бірақ кәсіпкерлік қызметтен өтелмеген салықтық борышы бар   жеке тұлғалар (қосылған құн салығы, әлеуметтік салық және басқалары) Мұндай борыштар 15 жылдан аса  уақытта жалпы республикалық ақпараттық жүйеге ауысқан кезде қалыптасқан  болса, бұл жайында, мұндай жеке тұлғалар бұрын жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны жөнінде  Мемлекеттік кірістер органдарында мәліметтер жоқ болған болса, онда осы санаттағы тұлғалардың барлық борыштары есептен шығарылады деген ұсыныс бар.

 – Егер 2019 жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғада өсімпұл бойынша борышы жоқ болса, ал 2019 жыл бойы камералдық бақылаудың қортындысы бойынша пәтерін сатудан түскен мүліктік табысына байланысты жеке табыс салығы туралы  жеке  тұлға өткен жылдарға мағлұмдама өткізген болса, онда осы жеке тұлға салықтық рақымшылыққа жатқызылама және оның өсімпұлы есептен шығарыла ма?

  – Иә, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін жеке табыс салығы бойынша негізгі борышын өтеген жағдайда мұндай салық төлеуші салықтық рақымшылыққа жатқызылады және оның өсімпұлы негізгі борыштың өтелген уақытына дейін есептен шығарылады.

– Егер, жеке тұлға 2019 жылдың 1 қаңтарына есепте тұрған  негізгі және өсімпұл бойынша борышын 2019 жылдың 1 қаңтарынан кейін  өтеген жағдайда, онда оның өсімпұлы есептен шығарыла ма? Егер бұл өсімпұл есептен шығарылуға жатқызылған болса, онда салық төлеушіге өсімпұл сомасы қайтарыла ма?

– Иә, ондай өсімпұл сомасы есептен шығаруға жатқызылады және салық төлеушіге қайтарылады, немесе оның болашақ төлемінің есебіне есептеледі.

– Егер, Мемлекеттік кірістер органдары көлік құралдарына салынатын салық бойынша 2018 жылға және өткен жылдарға сұрау мерзімі шеңберінде 2019 жылдың 1 наурызынан кейін есептеуді жүргізген болса, онда негізгі борышты өтеген жағдайда өсімпұл есептен шығарыла ма?

– Иә, мұндай жағдайда негізгі борышының сомасы  өтелген  болса,  онда  өсімпұл  негізгі борыштың өтелген уақытына дейн есептен шығарылады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз