ТАРИХЫМА ЖАЗЫЛҒАН ЖАДЫНМА – ҚАЗЫНАМ

0
53

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 23-24 шілде күндері қалалық балалар мен жасөспірімдер туристік және өлкетану орталығының 43 оқушысы NOMAD Этноорталығына 2 күндік экскурсия жасады. Бұл – Алатаудың Үшқоңыр бөктерінде ашық аспан астында орналасқан бірегей тарихи-этнографиялық кешен.
Оны құрудың негізіне Ұлы даланың иесі қазақ халқының бастаулары болып табылатын сақ, үйсін, қаңлы, түркілердің көп ғасырлық дәстүрлері, мәдениеті және тұрмыс салттары насихатталады. Мұнда әркім түкті және тақыр кілемдерді тоқу, киіз басу, қазақтың дәстүрлі тағамдарын дайындауға қатыса алады.
Этноорталықтың кез келген бөлшегі барлық келушілерге ежелгі көшпенділердің көркем әлеміне еніп, тек куәгер ғана емес, сонымен бірге, эпикалық шай-қастардың және әдет-ғұрыптардың қатысушылары болуға, көшпелі өркениеттің материалдық және рухани мұрасымен танысуға, танымдарын кеңейтіп, тәлім-тәрбие алуға үлкен мүмкіндік береді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз