Мемлекеттік қызметтегі басқару құрамын жаңарту туралы

0
234

  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген кеңесінде агенттік төрағасы Анар Жаилғанова елімізде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру туралы айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында шешім қабылдауға және түрлі жағдайлар мен трендтерге тез бейімделуге қабілетті «жаңа формация» басшыларының басқарушы құрамын жаңарту қажеттілігі туралы жариялады.
А.ж. 15 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың тиімділік көрсеткіштері көбінесе қоғам пікірімен үйлеспей жататынын атап өтті.
А.Жаилғанованың айтуынша, Президенттік кадрлық резерв келешегі кемел жастар үшін әлеуметтік жедел саты болып жаңа формация басшыларының дереккөзіне айналуы тиіс. Сондықтан, жобаның ауқымын ескере отырып, іріктеудің әр кезеңінде объективтілік, сапа және ашықтық үрдісі қамтамасыз етілуі қажет.
Резервке кіретін тұлғалар саяси және жоғары әкімшілік басқарушы, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылық лауазымдарына тағайындалатыны белгіленді.
Іріктеу механизмі клиентке бағдарлану тұрғысынан пысықталған.
Іріктеудежоғары білімі бар жас қазақстандықтар, сонымен қатар, шетелдегі отандастар да қатыса алады.
Сонымен бірге, іріктеуге Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілер қатыса алмайды.
Резервке қабылданғаннан кейін оларды Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Назарбаев Университеті базасында оқыту жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың төрағалығымен алдағы кезеңдегі жұмыс басымдықтарын талқылауға арналған МҚІА-ның кеңейтілген отырысы өтті.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз