Жастықтың оты жалындап…

0
312

  Нұр-Сұлтан қаласындағы Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан республикалық жыр мүшәйрасы биыл «Жастар жылы» аясында «Жастықтың оты жалындап…» тақырыбымен өтті.
Қазақ тілінің қаймағын қалқыған жас ақындарды анықтап, көтермелеу, мемлекетшілдік, елшілдік рухты ақын тілімен насихаттау мақсатындағы жыр мүшәйрасы мамыр айында жарияланған.
Еліміздің жер-жерінен 100-ден аса жас ақынның үкілеп, бәйгеге қосқан өлеңдерін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басқарма төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі Дархан Қыдырәлі төбе би болған қазылар алқасы саралады.
Мүшәйраның салтанатты марапаттау салты Елорда күні қарсаңында С.Сейфуллин мұражайында өтіп, бас жүлдені нұр-сұлтандық жас ақын Біржан Ахмер қанжығасына байлады. Сонымен бірге, 1 – бірінші, 2 – екінші, 3 – үшінші, 5 – ынталандыру сыйлығы өз иесін тапқан жыр мүшәйрасында жас ақынымыз, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әділет Серікұлы «Ұлы дала төсінде» өлеңімен 3-орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды, сондай-ақ, бәйгенің 550 мың теңге қаржылай сыйлығын еншіледі.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз