Әлем таныған Нұр-Сұлтан

0
37

  Елорда күні мерекесіне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен жас ақындар арасында «Әлем таныған Нұр-Сұлтан» атты жыр мүшәйрасы өтті.
Жазба ақындардың жыр додасына өңірімізден 18 жас ақын қатысып, бақ сынады.
Қазылар алқасы ақындардың Елордамызға деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін поэзия тілімен бейнелеу шеберлігіне, әсіресе, жас Қазақ елінің жаңа астанасының жасампаздыққа толы қалыптасу барысына, сонымен бір уақытта, тұтас елдің өсіп-өркендеу үдерісіне таймас тиянақ болған халқымыздың ұлы достығы мен еңбекқорлығын паш етудегі дарынына баса назар аударды.
Өлең дүлдүлін еркін көсілткен жаркенттік ақын Еркін Ғафу бас жүлдені еншілеген мүшәйрада қаламыздың жас ақыны, №5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мерейлім Қарабалаева ынталандыру сыйлығына ие болды.
Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтан қаласына арналған жыр мүшәйрасының тәбәрігі ретінде сөз додасына қатысқан ақындардың өлеңдері топтастырылып, мүшәйра атымен кітап болып басылады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз