Электронды қызмет қолайлы

0
39

  Текелі қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында жер қатынастары бойынша мемлекеттік қызметтерді халыққа электронды түрде көрсетуге арналған жәрмеңке өтті.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан бастау алған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жетілдіріле түсуде. Бүгінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды жүйесі толығымен қалыптасты деуге негіз бар. Ол – «eGov» жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Осы жүйенің көмегімен жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат ресімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып орындауға мүмкіндік бар. Азаматтар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды жүйесіне қосылудың тетіктерін меңгеріп алса болғаны, кез келген жерде, кез келген уақытта өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді оп-оңай ала алады. Демек, санаға орнығып қалған баяғы таным-түсінікті өзгертуге батылдық ете білу маңызды.
Жәрмеңкеде «egov.kz» жүйесі арқылы жер қатынастары бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтерге, атап айтқанда, жер учаскелерін қалыптастыру, яғни, үй немесе басқа да нысан салу үшін мемлекет тарапынан берілген жердің қажетті заңдық құжаттарын әзірлеу; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін, яғни, қажетті инфрақұрылымдарды жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру; суармалы егістікті суарылмайтын алқаптарға ауыстыруға рұқсат беру; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учас-
кесін беру; жол бойында қызмет көрсету нысандарын салуға жер учаскесін беру, тағы басқаларына жеке-жеке тоқталып өткен қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Қанат Сатығұлов, көпшіліктің назарын электронды қызметтің тиімділігіне аударды.
Жылдам ыңғайлы, сапалы, ашық, сенімді және қол-жетімді электронды қызмет алудың 2 жолы бар, бірі – электронды чипті жеке куәлікті оқитын арнаулы картридер, енді бірі – электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүйеге қосылу. Егер сізде электрондық цифрлық қолтаңба болса, үйіңізде отырып «egov.kz» сайтынан электрондық қызметтер мен төлемдерді жүргізуіңізге болады.
Қазір халыққа қызмет көрсету орталығында, қалалық жер қатынастары бөлімінде азаматтарға арналған өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істеп тұр. Онда ҚР электрондық порталын жетік меңгерген қызметкерлер өз ЭЦҚ арқылы электрондық қызметтерді алудың жолдарын үйретеді.
Мамандар осы түйіндерді жан-жақты түсіндіріп, көпшіліктің электрондық қызметтерге деген қызығушылығын арттыруға күш салды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз