Домбыра сыйға тартты

0
322

  Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен күнтізбемізден ойып орын алған Ұлттық домбыра күні биыл 7 шілдеге тура келді. Осы күні Текелі қаласының тұрғыны Есхаттың отбасында сәби өмірге келді. Айтулы күні шекесі торсықтай ұл бала әкелген Гүлмиса Нұрашқызын қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы құттықтап ізгі тілегін жеткізді, домбыра сыйға тартты.
Ұлттық домбыра күні Тәуелсіздік шежіресінің алтын айдарлы беттерінің бірі болып, халқымыздың жүрек төрінен мәңгілікке орын алды десек артық айтпаспыз. Домбыра – музыка аспабы ғана емес, тұтас қазақ халқының мәдени өресімен, ұлттық болмысымен біте қайнасып жатқан ғажайып туынды. Оның қоңыр үнінде қазақтың жүрек қылын тербеп, жан дүниесін тебірентетін құдіретті күш бар. Домбыра – әрбір қазақ отбасының төрінің сәні де. Демек, атаулы күн домбыраға деген терең сүйіспеншілігіміздің, биік құрметіміздің белгісі ретінде халқымызды біріктіре түсетіні сөзсіз. «Дариға, домбырамды берші маған, Жаныма келші жарым, келші балам…» деп Мұқағали­ақын жырлағандай, домбыраның үні берекенің тілі іспетті. Домбыраның күйі әлдилеп, үніне елітіп өсетін бала көп болсын. Осылай деген Сері Болысбайұлы отбасына қуаныш пен шаттық әкелген сәбидің өнерлі, еліне еңбек ететін ер азамат болып өсуіне тілектестік білдірді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз