Алғысқа бөленген асыл азаматтар

0
236

  Елорда күніне орай қала әкімі Бахтияр Өнербаев Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыруға үлес қосқан, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік, елжандылықтың биік үлгісін көрсетіп, белсенділігімен көзге түскен жомарт жүректі азаматтарды марапаттады.
Көпшілікті мерекемен құттықтаған қала әкімі: «Қашанда жақсылықты жақтаған халқымыз көмекке мұқтаж адамдарға, кіріптар жандарға қайырымдылықпен қол ұшын беріп, көмек көрсетуді, үлкенді сыйлап, кішіні аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды адамгершілік ізгі қасиет деп есептейді. Жесірін де, жетімін де жылатпай, жебеп, жеткізетін елдік болмысымыз текті отбасыларында өскен еңбекқор, елжанды азаматтарымыздың жомарт жүрегінен, ізгі іс-әрекетінен өріс тауып, айналасына жан жылуы мен мейірім шуағын сыйлауда. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ғой. Қаладағы мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп жүрген бизнес өкілдерін Елорда күні «Туған жер» арнайы жобасы аясында марапаттап, алғыс білдіруіміздің мәні зор. Себебі, тұтас қоғамымыз осындай елшіл азаматтарымыздың елге пайдалы еңбегімен, адал ниетімен ортақ дамуға бет түзейді. Істеріңіз ілгері болсын», – деп ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, жеке меншігіндегі ғимаратты балабақша және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған коррекциялық кабинет үшін ұсынған жомарт азамат «Текелі автопаркі» ЖШС құрылтайшысы Марат Шормановты, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қайырымдылық білдіруге жаны құштар азаматтардың бірі, аз қамтылған, көпбалалы жанұяларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көңіл бөліп, қаржылай көмек көрсетіп келе жатқан «Мрамор-Тас» ЖШС директоры Мұхамеджан Қапсалаевты, қалада ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларына белсене атсалысып, мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрақты қолдау көрсетіп жүрген жеке кәсіпкер Сәкен Сандыбаевты, аз қамтылған, көпбалалы жалғызбасты ана Н.Кужекееваға үй сатып алып беруді ұйымдастырған «Текелі энергокомплексі» ЖШС директоры Арман Отарбаевты, аз қамтылған, көпбалалы Сизиковтар отбасына қол ұшын беріп үй сатып алуды ұйымдастырған «СМР» ЖШС басқарушы директоры Жанболат Пржа-
новты, аз қамтылған, көпбалалы жалғызбасты ана М.Күздікбаеваға жеке үй сатып алуды ұйымдастырған «Эва Люкс» ЖШС участок басшысы
Вильгельм Табертті Алғыс хатпен марапаттады.
Жомарт жүректі жандарды қалалық мәслихат хатшысы Н.Калиновский, ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Дүйсебаев, кәсіпкерлер кеңесінің
төрағасы Б.Шалбаев, Кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Жұмаділов құттықтады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз