Жылы су, саялы жағалау

0
48

  Қаратал өзенінің бойындағы жан-жағын қалың ағаш, көк орай шалғын көмкеріп жататын ашық аспан астындағы бассейн – жаз бойы қала тұрғындары мен қонақтардың суға шомылып, демалатын сүйікті орны. Әсіресе, биылғы ыстық шілде мұнда келушілердің қатарын қалыңдата түскен. Демалыс күндері айдын беті адамнан көрінбей қалады, көбі – жазғы демалыстағы балалар.
Бассейндегі су қаланы электрмен, жылумен және ыстық сумен қамтама-
сыз етіп тұрған жылу энергия кешенінен келеді – жылытылған әрі тазар-тылған. Балалар, табаны көлбеу бассейннің шығыс жақ бөлігінде, таяздау жағында шомылады.
Айта кетерлігі, суға шомылу ақылы, ересектер – 400, ал балаларға – 200 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін. Бассейннің тәртібіне жауапты Бағдат Төлетайұлы мұндағы ақылы қызметті былай түсін-дірді: «Қазіргі таңда 20-ға тарта адам жұмыс істейді. Олардың ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан ұйым-дастырылған арнайы курстан өткен 4 адам күні бойы суға шомылушылардың қауіпсіздігін қадағалайды, олар суда құтқарудың әдіс-тәсілдерін, алғашқы көмек көрсету қағидаларын меңгерген. Мұнда тәртіп-түзім назарда, қызметкерлер көліктердің ретті қойылуына, тазалыққа, өрт қауіпсіздігіне жауапты. Бассейн маңында спиртті ішімдіктер ішуге, белгіленбеген жерге от жағуға қатаң тыйым салынған. Мұның бәрі арнайы қызметкерлердің күнделікті қада-ғалауымен жүзеге асады. Сонымен бірге, күн сайын кешкісін маңай тазартылып, қоқыстар ақылы түрде қоқыс алаңына шығарылады. Қауызға су үздіксіз құйылып тұрады әрі 2 күнде бір рет толығымен ауыстырылып, табаны аптасына бір рет жуылып-тазаланады. Жақында бір демалушының суға түсіріп алған қымбат бағалы алқасын қызметкерлер бас-сейнді сүзіп жүріп, тауып берген… Демек, сапалы һәм қауіпсіз қызметтің ақылы болуы заңды».
Ең бастысы, ашық аспан астындағы бассейнде қала тұрғындары мен қонақтардың жақсы демалуына қажетті жағдайлар жасалған. Ыстық күнде, әсіресе, балалар суға шомылуды ерекше ұнатады. Демек, қауіпсіздік бәрінен маңызды. Күн жылы, ашық аспанды болса, шомылу маусымы тамыздың аяғына дейін жалғасады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз