Тазалыққа атсалысады

0
46

  Текелілік жастар «Jasyl el» арқылы қала тазалығына өз үлестерін қосуда. Осы аптада олар Қонаев көшесінің бойындағы шолу алаңының маңайын өскен шөптерден, қоқыстан тазартты.
2004 жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған игі жоба жыл сайын жалынды жастардың жазғы мезгілде түрлі қоғамдық жұмысқа қатысып, туған жеріне өз үлестерін қосуына, еңбек етіп, шыңдалуына, қаржы табуына мүмкіндік беруде. Әсіресе, биылғы Жастар жылы аясында «Jasyl el» рөлін сәулелендіруге басымдық берілуде. Осыны тілге тиек еткен қала әкімі Бахтияр Өнербаев: «Қаламыздың көркем табиғатын биіктен тамашалап, шабыт алуға, бой сергітіп, демалуға арналған шолу алаңы сіздер үшін жасалды. Ендеше, маңайдың тазалығына да көберек күш салыңыздар. Сіздердің белсенділіктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің маңызы зор», – деді. Сондай-ақ, қолына шалғы алып, жастармен бірге бақылау алаңына көтерілетін баспалдақтың екі жағын, алаң маңайындағы қаулап өскен шөптерді шапты.
Қаламыздағы «Jasyl el» жасақтары орталық саябақ, Даңқ монументі секілді мәдени нысандар мен көшелердің тазалық жұмыстарына атсалысады.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз