Тағы бір отбасы баспаналы болды

0
318

  Елордамыз Нұр-Сұлтан күні мерекесі қарсаңында тағы бір текелілік көпбалалы отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді.
Қаламыздың құрылыс саласында ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Фирма СМР» ЖШС ұжымы көпбалалы Сизиковтер отбасына Қаратал көшесінің бойынан 4 бөлмелі үй сатып алып берді.
Үйлі болған жанұяның қуанышына ортақтасып, ізгі тілегін жеткізген қала әкімі Бахтияр Өнербаев аз қамтылған, көпбалалы отбасыларын баспанамен қамту, әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы жұмыс-тар жалғасын табатынын жеткізді:
«Бұл – қаламызда меценаттардың қолдауымен үйлі болған үшінші көпбалалы отбасы. Жұмыс жалғасын табады. Сондай-ақ, респуб-ликалық және жергілікті бюджеттен 96 млн.теңге қаражат бөлінген. Қазір 60 млн.теңге қаржыға 10 үй сатып алынып, құжаттары рәсімделуде. Барлығы кезекте тұрған көпбалалы отбасыларына беріледі. Жақында тағы да 40 пәтерлі үйдің құрылысы басталады. Ол үйден де 10 пәтерді аз қамтылған, көпбалалы жанұяларға береміз деп жоспарлап отырмыз. Қала бойынша аз қамтылған, көпбалалы жанұяларға әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалған. Олар қаржылай көмектерін уақытында алуда және мемлекет қолдауының арқасында жағдайлары да түзеліп келеді», – деді.
7 балалы отбасының отағасы Александр Сизиков І топтағы мүгедек. Жолдасы Наталья Мельникова биыл қаңтар айынан бастап күйеуінің жеке көмекшісі болып тіркелген. Отбасындағы балалардың біреуінің мүмкіндігі шектеулі, төртеуі әлі кәмелеттік жасқа толмаған. Отбасы мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектерден, оның ішінде, көпбалалы және мүгедектік үшін берілетін жәрдемақылардан игіліктеніп отыр. Міне, енді баспаналы болды.
Жағдайы ерекше отбасына үй сыйлаған аталған серіктестік директоры Жанболат Пржанов жаңа әлеуметтік бағдарлама аясында өріс алған игі іс елшіл, ізгі жүректі жандар тарапынан қолдау тауып, ел азаматтарын жақындастыра түскенін, балалардың өз үйінде, еркін, еңсесі тік болып өсуі үшін қолдан келгенінше көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Отағасына үйдің кілті мен құжаттарын табыстап, балаларға баянды болашақ тіледі.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз