Тәрбие – тал бесіктен

0
29

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, Ол гендерлік теңдік – бұл ерлер мен нәзік жандылар арасындағы құқықтық теңдік мақсатына жетуді болжайтын концепция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, әрбір шаңырақтың шырақшылары, жылуы да, ажары да.
Қазақтың көшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. «Олар – өмір, өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған. Әйел туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Әйел – ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, ана, апа, әже. Ата-бабаларымыз да әйелді құрмет тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел – анаға жүктеген.
Ерте кездегі аналарымыздай ерін пір тұтып, ибалы қыз, иманды ұл тәрбиелеп отырған әйелдер күн өткен сайын азайып түскені ащы да болса шындық.
Cоңғы жылдары еліміз батыстық үлгідегі гендерлік саясатты пайдаланып, қыз-келіншектердің құқығын қорғап, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісімен мемлекеттік деңгейде айналыса бастады. Осының нәтижесінде елімізде гендерлік саясат сәтті орындалып, билік тізгінін ұстаған қыз-келіншектердің саны арта түскені шындық. Ал, біз өмір сүріп отырған заманда әйелдердің қоғамдағы орны қандай? Бүгінгі әйел билік басында ерлермен иық тірестіріп жұмыс жасап жүр. Олар – ана, олар – жар, олар – қыз, олар – келін. Қызметтен де басқа қоғамдағы орындары бар. Ең бас-тысы, әйел қоғамның тең құқылы мүшесі.
Әйел отбасы, ошақ басы, қазанның жанында отыратын уақыт көшпелі дәуірде қалды. Қазақ әйелі ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің жұмыстарына баулып отырған. Сондай-ақ, егер қолынан келсе, нәзік жан-дылардың билікке араласуына да әбден болады. Қазір тарихи сахнада ғылым, білім, техника, ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындайды. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады.
Әрине, қауіп-қатері мол, қол қауқарын қажет ететін мамандықтар әлі күнге дейін техника дамып, адам жұмысы жеңілдеп жатса да кездеседі. Мысалы, зергер, жүк тасушы, жол жөндеуші, т.б. Мұндай мамандықтар қатарынан әйел баласын кезіктіру екіта-лай. Саясат пен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені саясатта қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет. Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.
Қазіргі уақытта Елімізде гендерлік саясаты әлемдік үрдістер бойынша жаң-ғыртылуда және қоғамдық саяси құрылымдарда әйелдердің қатысуын арттырудың маңызды аспектілері бойынша жеткілікті құқықтық база қалыптастып, жаңа деңгейде дамуда.
Мемлекет басшысы гендерлік саясатқа әрдайым айрықша мән беріп келеді. Елбасы қоғамдық өмірде белсенділігімен танылып жүрген ханымдармен тұрақты түрде кездесу өткізіп, олардың ел дамуына қосқан ерекше үлесін үнемі атап өтеді.
Әйелдер қауымы судья, Жоғарғы Сот аппараты мен кеңселерде басшы, білікті маман ретінде қызмет атқара жүріп, еліміздің сот жүйесінің дамуына сүбелі үлестерін қосуда. Олар сот әділдігін жүзеге асыру және соттар қызметін ұйымдастыру бағытындағы жауапты қызметтерді абыроймен атқарып келеді.
Гендерлік теңдік мәселесі ерекше назарды талап етеді, соған байланысты осындай кездесулер өзекті және қажет болып табылады.
Б.ЖАПАРОВА, Текелі қалалық сотының бас маманы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз