«Шұғыла» журналистер слеті өтті

0
322

  Ақпарат тарату, жеткізу қай кезеңде де қоғам өмірінде айрықша орын алған. Ал бүгінгі жаһандану дәуірінде оның маңыздылығы бірнеше есе арта түсті. Елімізде осынау үрдісті жүзеге асыруға елеулі үлес қосатын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қаламызда «Шұғыла» атты жас журналистердің шығармашылық слеті өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен қалалық әкімдік бірлесіп ұйымдастырған шарада алдымен қала әкімі Бахтияр Өнебаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін айтты. Журналистермен бірге қаламыздың көрнекті жерлерін бірге аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен, алда іске асырылатын жоспарларымен, ауқымды жобалармен таныстырды. Жаяу жүріп аралаған журналистер, әсіресе, биыл Жастар жылы аясында қала жастарына тарту етілген шолу алаңынан қаланың көркем көрінісін тамашалап, әсем табиғатымызға тәнті болды.
Шара қалалық бассейн жағасында жалғасын тапты. БАҚ өкілдері өзара монолог, өлең оқудан, ән айтып, қойылым қоюдан бәсекеге түсіп, үздіктер Алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Алты топ өнер көрсеткен сайыста Талдықорған газеті 3, Алматы облыстық «Огни Алатау» газеті 2- орынды иеленді. Ал, қазылар алқасының шешімімен облыстық «Жетісу» телеарнасының журналистері жеңімпаз атанды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз