Салық міндеттемесінің орындалуы басты назарда

0
220

  Салық – қоғам байлығы, елімізідің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты кепілі. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы да салық түсіміне байланысты. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін бюджет кірісінің көлемі көңілдегідей болуға тиісті. Сондықтан мемлекетіміз салық саясатын ширатып, жүйелі жүргізуін қадағалап, оның ел игілігіне айналуын басты назарда ұстап отыр.
Бүгінгі таңда салық органдарына жүктеліп отырған міндет ауқымы кеңейе, айқындала түсіп, әрбір қызметкердің іс қимылы бағдарланып, стратегиялық жоспарға сәйкес жүргізу басты назарда отыр.
Атқарылған жұмыс көрсеткіштеріне көз жүгіртетін болсақ, Текелі қаласы бойынша үстіміздегі 2019 жылдың бірінші тоқсанында бюджет кірісінің болжамы – 581,1 млн.теңге болса, нақты – 614,3 млн.теңге түсіріліп, 105,7 пайызға орындалды. Болжамдық межеден 33,2 млн.теңгеге бюджетке артық түсті. Оның ішінде, республикалық бюджет 101,0 пайызға орындалса (болжам 338,4 млн.теңге, нақты түскені 341,8 млн.теңге), жергілікті бюджет 112,3 пайызға орындалды (болжам 242,7 млн.теңге, нақты түскені 272,5 млн.теңге).
Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.
Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:
1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;
2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;
3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объек-тілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді;
4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;
5) салықтың және бюджетке төлене-тін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.
Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.
Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқару-шы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.
Салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.
Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.
Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.
Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келі-сімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.
Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына берешек сомасы 2,7 млн.теңге болса, осы жылдың 1 сәуіріне 22,2 млн.теңгені құрады, яғни 1 қаңтармен салыстыр-ғанда берешек сомасы 19,5 млн.теңгеге дейін өскен.
Сонымен қатар, жинақтаушы зейне-тақы қорына төленуге тиісті міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешек 2019 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 34,0 мың теңгеге дейін өскен (2019 жылдың 1 қаңтарына берешек сомасы 0 мың теңге, 2019 жылдың 1 сәуіріне 34,0 мың теңге).
Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек 2019 жылдың 1 қаңтарына
0 мың теңге болған болса, 2019 жылдың 1 сәуіріне 19,0 мың теңгені құрады, яғни 1 қаңтармен салыстырғанда берешек сомасы 19,0 мың теңгеге дейін өскен.
Жалпы «берешек» деген сөздің өзі төлену мерзімінің сақталмауының, яғни заңның бұзылғандығын білдіреді. Бұл орайда салық төлеушілердің салық міндеттемесін мерзімінде орындау керектігін ұғына бермейтіндігі өкінішті.
Мемлекеттік кірістер тарапынан берешекті болдырмау,оны мейлінше азайту үшін салық органдарына заңмен берілген өкілеттілігі шегінде жұмыс жасап, жоспарланған шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
2019 жылдың бірінші тоқсандықта салық төлеушілердің қарызын азайту, салық түсімдерінің уақытылы және толық бюджетке төленуі үшін, міндетті жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиісті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша төленуге тиісті жарналарын төлету мақсатында барлығы 165,4 млн.теңгеге 108 дана хабарлама жіберілді. 5 салық төлеушілердің банктегі есеп-шоттарына 1,4 млн.теңгеге инкассалық өкім қойылды, оның 1,3 млн. теңгесі бюджетке түсті. 22 салық төлеуші-лердің банктегі есеп шоты, 23 салық төлеушілердің касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылды. Соның нәтижесінде бюджетке 18,1 млн.теңге түсті. 13 салық төлеушілердің мүлік құны 7,9 млн.теңгеге билік етуге шектеу қойылды. Осының бәрі өзара электрондық қарым-қатынас тәртібімен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылды.
Камералдық бақылау жұмыстарының нәтижелері де жоқ емес. Осы жылдың бірінші тоқсанында қаладағы салық төлеушілердің салық есептіліктеріндегі мәліметтер бойынша жасалған талдау, тексеру, салыстыру жұмыстарының қортындысы бойынша бюджетке 8,5 млн.теңге қосымша есептелді.
Мемлекеттік кірістер басқармасының есебінде 2053 электрондық салық төлеушілер бар, оның ішінде 1824 жеке, 229 заңды тұлғалар.
Әрине, салық органдарының қызметі тексеру, айыппұл салумен ғана шектелмейді. Салық қызметі органдарының даму стратегиясының негізгі үш бағытының бірі – салық органдарының көрсететін қызмет сапасына салық төлеушілер тарапынан қанағат-танушылық сезімін барынша көтеру болып табылады. Соған сәйкес салық төлеушіге сапалы қызмет көрсету үшін салық басқармасында тиісті шаралар қарастырылған. Мәселен, тұтынушылардың бағалауы бойынша, өткен жылдармен салыстырғанда Салық органының жұмыс сапасы мен қолжетімділігі ахуалының өзгеруін анықтау, салық есептілігін электрондық түрде өткізуді қабылдауы бойынша, салық есептілігін өткізу және олардың нысандары бойынша, салық қызметіне жолданған өтініштер бойынша салық органы мен халықтың өзара іс-қимыл тәжірибесін бағалау, салық төлеушілермен ақпарат алмасудың ең тимді әдістері мен тәсілдерін анықтау жұмыстары жүргізілді.
Қызмет көрсету сапасының мына жекеленген түрлерінің жұмысы бағаланды: біліктілігі, кішіпейілділігі, және қызметкерлердің көмектесуге деген ынтасы, сонымен қатар, қызмет көрсету бойынша ақпарттардың алыну жылдамдығы, ұсынылуы және қол-жетімділігі.
Мемлекеттік кірістер басқармасының салық қызметін көрсету Орталығы сырғымалы кесте бойынша үзіліссіз жұмыс жасайды.
2019 жылдың басынан салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздарының бары немесе жоғы жөнінде салық төлеушілерге 106 анықтамалар берілді.
Салық төлеушілердің өтініштері бойынша тіркеп, есепке қою және оларға тиісті куәліктер беру, салық есептіліктерінің нысандарын қабылдау, тағы басқа да салық қызметін көрсетуді салық төлеушілермен жұмыс және каме-ралдық бақылау бөлімі жүзеге асырады.
2019 жылдың 01 сәуіріне 2905 салық есептілігінің нысаны қабылданды, оның ішінде қағаз жүзінде – 72, электрондық түрде (салық төлеушілердің «Терминалы» арқылы) – 2833, бұл барлық қабылданған есептіліктің 97,5 пайызын құрайды.
Текелі қаласының «Текелі тынысы» газетінде 2019 жылдың қаңтар айынан
бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексін түсіндіру бойынша Текелі қаласы Әкімінің сайтында және «Текелі тынысы» газетінде 62 мақала жарияланды.
Қазіргі таңда салық төлеушілер арасында бақылау-кассалық мәшинелерін қолдану бойынша жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу көкейтесті мәселе. Жыл басынан жоғарыда аталған газетте бақылау-кассалық мәшиненің қолданылуы туралы бірнеше мақалалар жарияланды, сонымен қатар салық төлеушілерге буклеттер таратылды, жарнамалық щиттер орнатылды.
Салық төлеушілердің қатысуымен төрт семинар-кеңестер өкізілді.
Жыл басында мемлекеттік кірістер басқармасының 2019 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шаралар жоспары қабылданды.
Салық және жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамаларын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс және Қазақстан Республикасы салық қызметі органдары қызметшілерінің кәсіптік этика кодекстерінің нормаларын сақтау мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен техни-калық сабақтар өткізіліп тұрады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Текелі қаласы Әкімінің сайтында 18 мақала жарияланды.
Мемлекеттік кірістер қызметкерлері мен салық төлеушілердің өзара қарым-
қатынасын азайту үшін салық төлеушілер арасында, салық есептілігін электрондық түрде өткізудің артықшылығы жөнінде үнемі үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар әрбір тақырыптық тексерулерге «Атамекен» одағының өкілдері қатысып тұрады.
«Nur Otan» партиясы Текелі қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басшылығының 2019 жылғы наурыз-желтоқсан айларында азаматтарды қабылдау жүргізу кес-
тесі қабылданды. Қазір осы кестеге сәй-кес азаматтарды қабылдау жұмыстары әр сәрсенбі сайын жүргізіліп тұрады.
Мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратында азаматтардың шағымдары мен өтініштері, ұсыныстары үшін арнайы жәшік орналастырылған және оларды тіркейтін журнал бар.
Мемлекеттік кірістер басқармасында 8(72835) 4-25-18 сенім телефоны жұмыс істейді.
Алдағы уақытта да текелілік салық-шылар – салық төлеушілерге сапалы қызмет көрсете отырып, салықтар мен міндетті төлемдер бойынша резерв көздерін қарастыру, бюджеттің кіріс көзін молайту жұмыстарын ұйымдастыру, салық берешектерін азайту және болдырмау шараларын жасай береді.
Қ. НҰРҒАЛИЕВ, Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз