Домбыра – асыл мұра

0
52

  Ұлттық домбыра күніне орай Текелі қалалық Мәдениет үйінің саябағында «Домбыра – асыл мұра» атты кеш ұйымдастырылды.
Мәдениетімізді сақтау және жаңғырту идеясының төңірегіне қоғамды топтастыру мақсатында қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Мәдениет үйі мен балалар шығармашылығы орталығы бірлесіп ұйымдастырған шарада қала өнерпаздары күй тартып, халықтық әндерді айтты.
Кешке жиналған қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін айтқан халық әртісі Мырзахмет Мүкаманов домбыраның өзіне тән кескін-келбеті, жүрекке жылы тиетін қоңыр үні халқымыздың рухани жан дүниесімен біте қайнасып жатқанын айтып, халықтық әуендерімізді жас ұрпақ санасына орнықтырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Біржан салдың әні «Айтбай» мен халық әні «Баянауылды» шырқады. Кішкентай әнші Яна Адамова мен күйші Айжан Мұқаш та өнерімен көпшілікті тәнті етті.
Халқымыздың ұлттық өнерін ұлықтап, мәдени дамуымызға атсалысып жүрген өнерпаздар дип-ломдармен марапатталды. Олар: М.Мүкаманов, С.Тоқтарбай, «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан Б.Божаров, Л.Абдуллаева, Ү.Тәжиев, Е.Жұматаев, балалар шығармашылығы орталығының шәкірттері Я.Адамова, А.Жұмаш, Мәдените үйінен Ж.Дәурембеков пен А.Тұрдымұрат.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз