Қазақстан – достықтың киелі мекені

0
281

   Қазақстан – құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке, 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқан мемлекет.
Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiзде егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермек. Осыған орай қаламыздың «Алтын Шажа» сауықтыру лагерінде Балалардың бойында патриоттық рух қалыптастырып, Қазақстанның көп этносты, қонақжай ел екенін көрсету, халықтар достығының мәнін ұғынуға, бейбітшілік пен келісім сақтауға, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – достықтың киелі мекені» фестивалі өтті. Аталмыш шараға жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалар қатысып, бірнеше топқа бөлініп, өз өнерлерін ортаға салды.
Еліміз әрдайым ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп, тағдырдың тартысымен арпалысып келеді. Соның нәтижесінде, қазақ тәуелсіздігін алды, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал, оның негізі, түп тамыры – xалықтың бірлігінде, татулығында және біртұтастығында.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз