Әсем әуен көптің көңілін тербеді

0
82

  Өткен аптада әнші Гүлнұр Оразымбетова қаламызға концерттік бағдарламамен келіп, әдемі дауысымен көптің ыстық ықыласына бөленді.
Өзіне тән әдемі әуенімен тыңдармандарының жүрек төрінен орын алған әншінің концертіне халық көп жиналды. Оның репертуарынан қазақтың халық әндерімен бірге белгілі компо-зиторлардың эстрадалық әндері де молынан табылады, сондықтан, аға буын өкілдері де жастар да сүйіп тыңдайды. Мәдениет үйінің үлкен залын лық толтырған көпшілік әншінің орындаған әр әніне ұзақ-ұзақ қол соғып, гүл шоқтарын ұсынып, құрмет көрсетті.
Текелінің көркем табиға-тына, халқының ыстық ықласына тәнті болған әншінің өзі де тебіреніп тұрды. Ән құлаққа қонып, көңілге құйылған сайын, әнші мен тыңдарманның арасы жақындап, тіпті оның көпшілік ортасына келіп айтқан халық әндерін зал қосылып шыр-қады.
Концертте Гүлнұр жомарттығымен де көптің ризашылығына бөленді. Репертуарындағы әндерді нақышына келтері айтқан әуесқой әнші, №5 орта мектебінің бастауыш сынып мүғалімі Ләззат Күнайқызына ақ жол тілеп, үстіндегі қазақы үлгідегі сахналық көйлегін сыйлады.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ертай Дүйсебаев әншіге деген ағалық ризашылығын жеткізіп, шығармашылық табыс тіледі.
Әнші концерттен соң Текелінің кешкі табиғатын тамашалап, Қонаев көшесінің бойындағы шолу алаңына барды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз