Мемлекеттік қызметтің беделі – білікті маман

0
56

  Биыл Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі ерекше аталып өтті. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды шаралар өткізіліп, биліктің биік бейнесін қалыптастырып, азаматтық іскерлігімен танылған мемлекеттік қызметшілер ұлықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет пен жанұядағы берекелі тірлікті ұштастырып жүрген үлгілі отбасыларды анықтау мақсатымен «Отбасы құндылықтары және мемлекеттік қызмет» байқауы ұйымдастырылды. Халыққа қызметті адал атқарып, шаңырағын мейірім мен шуаққа бөлеп отырған байқау жеңімпаздары анықталып, арнайы марапатталды.
Сонымен қатар жастарға мемлекеттік қызметтің қыр-сырын ұғын-дырып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Жастар көзқарасы: парасаттылық пен адалдық» облыстық форумы өтті. Оған қатысқан жастар мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы еңбектеніп жүрген білікті тұлғалармен келелі сұхбат құрып, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап тапты.
Жаңашылдық пен ізгілікке негізделген кәсіби мереке қоғам тарапынан да қызу қолдау тауып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында отаншылдық рух, елжан-дылық, сүйіспеншілікті байытуға бағытталған мерекелік шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров өз ісін адал, зор жауапкершілікпен атқарып, ел дамуына өзіндік үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттап, қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде, департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев кәсіби мемлекеттік аппарат құруда мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы мен кәсіби шеберлігі мықты болуына маңыз берді.
Е. МЫРЗАБЕК, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз