Мемлекеттік қызметшілерді оқыту – кәсібилендіру қадамы

0
235

  Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Ал билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен біліктілік деңгейі қоғамдық процестерге ықпалын тигізіп, реформалардың сапалы орындалуына әсер етеді.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, білік-тілігін арттыру жүйесі Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесінің сапалы қалыптасуымен тікелей байланысты, оны кадрмен қамтамасыз-дандыру бөлігі және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Білім берудің қалыптас-қан жүйесі кәсіби қызметінің бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметші-лерді қайта даярлауды жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік қызметке кірісу сәтінен немесе басшылық лауазымға та-ғайындалуынан алты айдан кешікпей орындалады. Сонымен қатар, «100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» (9 қадам) «Мемлекеттік қызмет-керлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру» айқындалған.
Осы орайда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін Талдықорған қаласында 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – филиал) ашылды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде филиалмен жүргізіліп тұрады.
Биылғы жылы аталған филиалда облысымыздың 938 мемлекеттік қызметшісін (біліктілігін арттыру – 620, қайта даярлау – 318) оқыту жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда, бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша біліктілігін арттырудан – 310, қайта даярлаудан – 249 мемлекеттік қызметші өтіп, білімін шыңдап шықты.
Мемлекеттік қызметтің қызмет етуінің тиімділігі көп жағдайда кәсіби өсу процесінде мемлекеттік қызметшілердің жеке басының ерекшеліктерін өзгертуге және жаңа білімді игеру әзірлігіне байланысты. Себебі, әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсібилік деңгейі, іскерлік қасиеттері мен жоғары адамгершілік принциптері мемлекеттік биліктің беделі мен беріктігінің дәрежесі.
Кәсіби шеберлік деңгейі жоғары, жақсы әзірліктен өткен және тиянақты білім алған мықты мамандар қай уақытта да мемлекеттің бәсекеге қабілет-тілігінің кепілі болып келеді. Сондай-ақ, тұтас алғанда мемлекеттік саясатты табысты жүзеге асыру тікелей әрбір мемлекеттік қызметшінің өзінің функционалдық міндеттерін тиімділікпен орындау қабілетімен, халқына сапалы қызмет көрсетуімен және біліктілігімен бағаланады.
Бақытгүл ШАРИПОВА, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы
бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз