Ұлттық келбет – имандылық арқауы

0
283

  Ұлт – заманалық дамудың таңғажайып туындысы. Оның тарлан тарих өзі бедерлеген келісті келбеті, ғасырлық даму қалыптастырған бұлжымас болмысы бар. Ұлттардың өзіне тән ерекшеліктерін тәрк ету, жоққа шығару, тарихтың тасқа батқан таңбасын мойындамау – имандылыққа жат.
Дін өкілдері, зиялы қауым, жалпы қоғам болып тарихи қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызға жат ниетті күштердің, теріс діни ағымдардың бүлдіру сипатты кез келген шабуылына бірлесе қарсы тұруымыз, ұлттық құндылықтармызды қорғауымыз және оны заман келбетімен үйлестіре дамытуымыз керек. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғой-лық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәде-ниеттің белгісі орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнем-шілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», – деп біздің ұлттық болмысымыздағы имандылықпен өзектесіп жатқан ерекшеліктерді сақтап, оны ұрпақ игілігіне жарата білудің маңызды-ғынын алдымызға қойды.
Дәстүрлі қазақ қоғамында имандылық тұрғысында адамның ішкі жан дүние-сіндегі ізгі ниетіне баса назар аударылады. Атап айтқанда, туыстық қарым-қатынас, үлкендік ізет, кішілік сый, әдептілік пен арлылық, инабаттылық, ерлік, елге, жерге деген перзенттік жауапкершілік, еңбекқорлық, білімге, өнерге ынтызарлық, табиғатқа жанашырлық, мейірімділік, міне, мұның бәрі иманның маңызды құрамдас бөлігі ретінде бағаланады. Сондай-ақ, жағымсыз әдеттер – тәкаппарлық, менмендік, зорлық-зомбылық, аста-төк сырапшылқдық, көре ал-маушылдық, сатқындық, жағымпаздық, алдамкөстік, тұрлаусыз, екі жүзділік, опасыздық, бұлар иманды бойдан бездіреді деп одан сақтануға шақырған.
Қоғамдық өмірімізбен кірігіп кеткен осындай ізгілікті арқау еткен өмір дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың – имандылық-тың қалыптасуына негіз болған. Халқымыз бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.
Мұхаммед Пайғамбарымыз «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім», – деп әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Демек, имандылық әдемі сөз ғана емес, игі істермен өріс табатын жақ-сы амал-әрекет.
Ендеше, ұлттық болмысмызда, ата-бабаларымыз ұстанған салт-дәстүрлерімізде жатқан имандылықтың игілігін еселей түсу – баршамыздың ұлт алдындағы, ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Қазір еліміз жаңа кезеңге қадам басты. Халқымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуында ұлттық құнды-лықтарымыздың атқаратын рөлін дұрыс бағалап, жас ұрпақты имандыдыққа бастай білуіміз керек. Ол, шындығында, ата-бабамыздан қалған байлықты сырап етпей, елдің игілігіне жарату, бір-бірімізге бауырмал, қорған, демеуші бола отырып, ұлттық бірлігімізді бекемдеу, сол арқылы Тәуелсіз мемлекетімізді күшейту болып табылады.
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз