Дұрыс таңдау жасадық!

0
93

  18 маусымда қалалық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Текелі қалалық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Кеңеске мекеме, кәсіпорындардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, партия белсенділері қатысты.
Алдымен сөз алған партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марғұлан Ботантаев: «Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында саяси мәдениет деңгейі жоғары болды. Барша қазақстандықтарға тарихи таңдау жасау мүмкіндігі берілді. Президент сайлауының қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бірлік пен берекенің биігінен көрініп келген Қазақстан халқы бұл жолы да жұдырықтай жұ-мылып, көздеген мақсаттарға бірге қол жеткізді. Партиямыз осы жолда белсенділік танытты. Бұл – елдік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтардың жеңісі! Бұл – сіз бен біздің ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Қазақстандықтар Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс беру арқылы еліміздің кемел келешегі үшін Елбасы саясатының сабақтастығын таңдады. Бұл жеңіске Кандидатымыздың қалалық штабы мен сенімді өкілдері үлкен үлес қосты», – дей келіп, елдің игі жеңісіне текеліліктер де бір кісідей атсалысқанын, әсіресе, сайлау науқаны кезінде Қ.Тоқаевтың қалалық штабы мен сенімді өкілдері ортақ мақсат үшін бір кісідей береке-бірлікпен белсенділікпен жұмыс істегенін атап, ризашылығын жеткізді.
Осы реткі Президент сайлауы арқылы Тәуелсіз Қазақ елі жаңа дәуірге қадам басты. Тарихымыздың да жаңа тарауы басталғанын Президентіміз ұлықтау рәсімінде нақтылай түсті. Атап айтқанда, Елбасы бастаған жолды жалғастыру және стратегиялық бағыттардан ауытқымау, сол арқылы дамуға соны серпін беру. Қ.Тоқаевтың сайлауалды платформасы – «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталуының өзі осы мақсатты айқын-дайды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқор-лықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамыту, сыртқы саясат және жастарға қамқорлық көрсету бағыттары бойынша жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.
Айталық, «Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан» бағдарламасы мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік басым бағыттарын қарапайым халықтың, ауыл, аймақ-тардың дамуымен байланыстырады. Бұл шалғай ауылдардағы, елді мекендердегі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің үлкен қалалардан алшақтығын азайтады. Бағдарлама елді мекендердің өзін-өзі басқару жүйесін нығайтып, халықтың өңірлік мүмкіндіктерді игеру белсенділігін қозғайды.
Елбасы меңзеген басым бағыттың бірі – елдің рухани дамуы. Ата-баба дәстүрлерін сақтап, жаңғыру оны елдің игілігіне қызмет еттіру – өзекті. Мысалы ұлттық сананы жаңғырту арқылы құлдық, парақорлық, жемқорлық, жағымпаздық сияқты өркениетке жат қылықтардың жолын кесу, білім мен тәрбиеге мән беру, ғасырлар сынынан сынбай өткен құндылық-
тарымызды құнттау, ұлттық өнімдерімізге кең өріс ашу, міне, мұның бәрі елшілдік, мемлекетшілік рухты бекемдей отырып, дамуға жол ашады.
Кеңесте жарыссөзге шыққан Алматы облысы саяси бюро кеңесінің мүшесі К.Нестеров, қалалық мәслихат депутаты Г.Ибраимова, партия белсендісі А.Төлегенова осы бағыттардағы іргелі бағдарламалардың жалғасуының, тұрақты дамудың жаңа белестерін бағын-дырудағы тың тәсілдер мен сұңғыла шешімдердің өзектесе өрілуінің маңызына мән берді.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз