Жасты еңбек жарқыратады

0
139

  Осы аптада кәсіптік колледжде «Үздік колледж студенті-2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары С.Болысбайұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Дүйсебаев, «Алтын Чажа» ЖШС директоры В.Некифоров, қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Жұмаділов, «ТЭК» ЖШС бас инженері В.Куычко, колледж директоры Д.Нүсіпов, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Әділбекова, сондай-ақ, колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев білімді жастардың іскерлік, көш-басшылық қабілетін дамытуға көңіл бөлетінін атап айтты. Бұл – жастарымызға деген зор сенім. Кәсіптік білімімен, белсенділігімен көзге түсіп, аталған байқаудың арнайы степендия, сыйлықтарына ие болған студенттерді құттықтап ізгі тілегін жеткізген С.Болысбайұлы биылғы Жастар жылы жастардың өзін жақсы жақтарынан көрсетуіне кең өріс ашып отырғанын, бүгінде өндіріс пен құрылыс саласында кәсіптік білімі бар іскер жастарға сұраныс жоғары екенін атап, жастарды осы мүмкіндікті пайдаланып, елдің қажетіне қызмет етуге, еліміздің ішкі еңбек нарығын меңгеруге шақырды.
Еске сала кетсек, сәуір айының басында «Үздік колледж студенті-2019» байқауы жарияланып, байқауға қала әкімі Б.Өнербаев, колледж директоры Д.Нүсіпов, колледж қамқоршылық кеңесінің төрағасы Т.Жұмаділов, ресейлік Юргинский техникалық институтының ректоры Д.Синахов, «Текелі Су құбыры» МКК, қалалық полиция бөлімінің ардагерлері кеңесі, Берікбалановтар отбасы, ата-ана И.Хочин мен Б.Үсенов, «ТЭК», «Текелі гранит», «Альфа-Дисконт», «Алтын Чажа» ЖШС, «Давыдов» жеке кәсіпкерлігі, колледждің 1998 жылғы түлегі О.Стеблянко қолдау көрсеткен болатын.
«Жастар жылы – жасампаздық бастауы» ұранымен өткен аталған байқаудың бас жүлдесін Алихан Рысбаев иеленді. Салтанатты жиында, сонымен бірге, әртүрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары Семен Нестеренко, Алим Онайбеков, Атина Баширова, Балқыз Сабырова және Данияр Жұртыбаев, сонымен бірге, «Үздік колледж студенті-2019» байқаудың түрлі аталымдарын иеленген Александр Шкарпетин, Жансұлу Мәулен, Максим Камалов, Динара Қуатбекова, Сұңғат Махметжанов, Диана Рамазанова, Құдайберді Амангелдіұлы, Анна Мартыненко, Алена Мартынова марапатталды.
Әрине, оқушы жетістігі ұстаздардың жауапкершілікті еңбегімен біте қайнасып жататындықтан, салтанатты жиында өз мамандығының шеберлері, үлгілі ұстаздар да сый-құрметке бөленді. Олар: Нарвиз Гусенов, Наталья Саприна, Ермек Тарманбеков, Марина Данн, Мадина Ахметова, Нұрсұлтан Нұрмұратов, Юлия Денисова.
Сондай-ақ, Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным: Студенттік көктем-2019» облыстық фестивалінде әртүрлі бағыт бойынша өткен жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен «Менің сүйікті командам» және «New light» тобы, футбол командасы, арнайы аталымдарды иеленген Жайна Әмидуллаева мен Захар Теренко сыйланды.

Бөлісу
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter
Share on VK
VK

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Өтінемін, өз пікіріңізді енгізіңіз!
Өтінемін, атыңызды мына жерге енгізіңіз